Қызылордада биыл 12 адам жол апатынан қаза тапқан

Қызылорда қаласында биыл 110 жол-көлік оқиғасынан 12 адам қаза тауып, 127 адам әртүрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Pixabay

Қызылорда, NEGE.  Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді.

Соған қарамастан қала көлемінде жыл басынан бері 110 жол-көлік оқиғасынан 12 адам қаза тауып, 127 адам әртүрлі дене жарақатын алған.

«Адамдар көлік құралдарын пайдалану барысында қоғам өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың да көбейгенін байқауға болады. Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болады. Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін және тұрғындардың өмірін қамтамасыз ету үшін күндіз-түні рейд өткізіп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді