Ауғанстанда апатқа ұшыраған ұшақ бортында ресейлік ерлі-зайыпты қаза тапты

Ресейлік ерлі-зайыпты Ауғанстанда апатқа ұшырады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ресейлік ерлі-зайыпты жеке ұшақпен Мәскеуге ұшып бара жатқанда Ауғанстанда апатқа ұшырап, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Комсомольская правда"-ның хабарлауынша, Евсюковтар отбасы желтоқсан айында Тайландқа демалысқа ұшып барған.

Шетелде жүргенде әйелі қатты ауырып, жергілікті ауруханада жатқан.

"Оны Паттайядан Мәскеуге тасымалдау мәселесі шешіліп, күйеуі онымен бірге жеке ұшақпен (Үндістанда жанармай құйған) ұшып шықты, ал ұлы Тайландта қалды, өйткені бір ғана адамға еріп жүруге рұқсат етілген. Ауғанстанның үстінде ұшақ апатқа ұшырады".

Ұлы Мәскеуге кәдімгі рейспен жетіп, ата-анасының мерт болғанын білді.

Еске салайық, мұның алдында Ауғанстанның Бадахшан провинциясының Зибак ауданында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған едік. 

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді