Атырауда 500 үйге электр қуаты қайта берілді

 Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағалиев өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы баяндады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Жылыой ауданындағы жағдайға қатысты оң динамика байқалады – соңғы бірнеше күнде Жем өзеніндегі су деңгейі 85 см төмендеді, Доссор-Құлсары тас жолын қалпына келтіру жалғасуда. Сондай-ақ, қаланың өзінде су айдау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл мақсатқа 58 техника жұмылдырылды, өткен тәулікте 11 мың текше метр су сорылды», – деді Руслан Жұмағазиев Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Қазір 500 үйге электр қуаты қайта берілді, күн сайын 60-тан 100-ге дейін үй қосылып отырады.

«Жылыой ауданы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, күн сайын су сынамалары алынады. Автожанармай құю станцияларының, азық-түлік дүкендерінің, дәріханалардың, қоғамдық тамақтану орындарының қызметі қайта жанданды», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды