Алматы маңындағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, сел жүруі мүмкін

Алматы қаласында 5-7 шілде аралығында қатты жауын-шашынға байланысты өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіпті белгілерден асқан жағдайда тау бөктері мен соған жақын аудандарда су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлады Қазгидромет.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Осыған байланысты төтеншеліктер тұрғындарды Үлкен, Кіші Алматы, Қарғалы, Ақсай өзендерінің жағалауларына жақындамауды сұрайды.

Синоптиктердің болжауынша, Солтүстік Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауып, дауылды жел соғады.

Еліміздің батыс және оңтүстік өңірлері әлі де антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазір оқып жатыр

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр