Жетісуда жол апатынан екі адам көз жұмды

Жетісуда жол апатынан екі адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

polisia.kz

Талдықорған, NEGE. ҚР ІІМ мәліметінше, Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 211 шақырымында жол апаты орын алды.

Toyota Camry жүргізушісі, рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол бергені алдын ала анықталды.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екеуі түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр