Төрт облыста қатты ыстық болады - Қазгидромет

Еліміздің төрт өңірінде аптап ыстық болады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрып, еліміздің солтүстігі мен шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, орталығында, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында қатты ыстық сақталады.

Маңғыстауоблысында, Атырауоблысының батысында, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматыоблысының оңтүстігінде, батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытауоблыстарында, Жетісуоблысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Қарағандыоблыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында,Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?