Ұлттық құрама сапына Бактиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов қосылды

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан футболдан Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына Бактиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов қосылды, деп хабарлайды Kazinform.

nstagram/aimbetov9507

Алматы, NEGE. Ел құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Грекияға қарсы ойынға 19 наурызда аттанады.

БАӘ-де өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында қазақстандық футболшылар Түркіменстанмен өткен жолдастық кездесуде қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында С жолымен 2024 жылдың 21 наурызында жартылай финалда сырт алаңда Грекиямен кездеседі.

Жеңген жағдайда 26 наурызда тағы да сырт алаңда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады. Жеңімпаз құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алады.

Қазақстандық футболшылар құрлықтық доданың іріктеу сатысында H тобында сынға түсіп, үшінші орынға тұрақтады. Олар барлығы 18 ұпай жинап, ұлттық құраманың рекордын жаңартты.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады