Ақтөбе облысындағы автожолда 55 шетелдік азамат құтқарылды

Ақтөбе облысында «Ташкент-Қазан» қатынасымен жүретін жолаушылар автобусы ақаулығына байланысты бұзылып қалды. Автобус ішінде 55 Өзбекстан азаматы болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

gov.kz

Ақтөбе, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының 965 шақырымында орын алған.

ТЖД күштерімен жолаушылар Қарабұтақ ауылының мешітіне көшірілді, медициалық көмек қажет болған жоқ.

Министрлік азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауға, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер қойылған кезінде жолға шықпауға кеңес береді.

Сондай-ақ автокөліктің техникалық жағдайын қадағалауды ұсынады.

Қазір оқып жатыр

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді