Қарағандыдағы айналма жолда 5 адам көз жұмды

Қарағандыдағы айналма жолда болған жол апатынан 5 адам көз жұмды.

Казинформ

Алматы, NEGE. Полиция көліктер бетпе-бет соқтығысқанын хабарлады.

Оқиға солтүстік-шығыстағы айналма жолда болған. Полицияның хабарлауынша, Mercedes-Benz жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен. Жол апатынан 5 адам көз жұмды.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізушілерге мұқият болуды және жол ережелерін бұзбауды ескертті», – деді Қарағанды қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді