Қазақстандық шорттрекші әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық Әділ Ғалиахметов Дрезденде (Германия) шорт-тректен әлем кубогінің бесінші кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спортты дамыту дирекциясы

Алматы, NEGE. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Ә.Ғалиахметов 1 мың метр қашықтықта үздік үштікке ілікті.

Оңтүстіккореялықтар Пак Дживон мен Чан Сунву алғашқы екі орынға ие болды.

Тағы бір қазақстандық Денис Никиша 500 метр қашықтықта мәре сызығын бірінші болып қиғанымен, пенальти алып, жүлдесіз қалды.

 

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады