Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды

Сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған.

Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып, тергеп-тексерілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.