Еліміздің 4 өңірінде су тасу қаупі бар: Қазгидромет ескерту жасады

Синоптиктер еліміздің төрт облысының тұрғындарына су тасқыны қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Kazinform

Астана, NEGE. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 24-26 наурыз күндері күн жылынып, Атырау облысында қар қарқынды ери бастайды. Осыған қарай Қызылқоға, Жылыой аудандарындағы шағын өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін, жауын-шашын болуы ықтимал.

Сондай-ақ 25-28 наурызда ауа температурасының одан әрі көтерілуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында қар еріп, өзендердегі су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін. 26 наурызда БҚО-ның кей жерлерінде жаңбыр жауады.

24-29 наурыз аралығында Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында қар қарқынды еріп, оңтүстік өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін, салдарынан автожолдар, елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарын су басу қаупі жоғары.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?