Жібек Құламбаева Сербияда сенсация жасап, жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 427-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінің жартылай финалына шықты.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Жібек ширек финалда әлемнің 249-інші, жарыстың 2-ракеткасы, хорватиялық Тена Лукасты жолдан тайдырды.

Матчты Лукас қарқынды бастады – 6:1. Бірақ бұдан кейін Құламбаева азулы қарсыласына тісін батырып, камбэк жасай білді – 7:5, 6:4.

Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 35 минутқа созылды.

Осылайша, сенсация жасаған Жібек Құламбаева финалға шығу үшін әлемнің 350-ракеткасы, сербиялық Лола Радивоевичпен таласады.

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде бірден 371-орынға көтеріліп тұр.

 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?