Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ұзын-сонар кезек пайда болды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттеріндегі ахуал белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ашық дерек көздері

Алматы, NEGE. «ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы өткізу пункттерінің алдында Қазақстан Республикасынан шығуға адамдардың, көлік құралдарының жиналуы байқалатынын хабарлайды. Бұл «Наурыз мейрамын» мерекелеу кезеңінде елімізден басым бөлігі шетелдік азаматтардың шығуына, сондай-ақ «Қапланбек», «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» өткізу пункттерінің қайта жаңартылуына байланысты, - делінген ақпаратта.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылады, өткізу пункттеріндегі жағдайды бақылау бойынша шаралар қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті