2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Қазақстандық Сингапурдегі үстел теннисінен ірі турнирдің 1/8 финалына шықты

Сингапурде үстел теннисінен WTT Youth Star Contender ірі халықаралық турнирі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 19 жасқа дейінгі жас санатында 17 жастағы қарағандылық Алан Құрманғалиев өте сенімді өнер көрсетті. Кіші топта Чулонг Ниді (Австралия) 3:1, Вонг Ван Хейді (Гонконг) 3:0, ал Хуан Ючжэнді (Қытай) 2:3 есебімен ұтып, екінші орын алды.

1/8 финалда Аланның қарсыласы осы жарыстарда бірінші орын алған О Чунсон (Корея, 19 жасқа дейінгі әлем рейтингінде 4-ші), жұптық ойында жастар арасындағы Азия чемпионы, жұптық жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері болды.

Құрманғалиевтің қарсыласы жеңіске жетті.