Головкин Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановты құттықтады

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс медаль алған Нариман Құрбановқа құттықтау жеделхатын жолдады. 

olimpic.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс медаль алған Нариман Құрбановқа құттықтау жеделхатын жолдады. 

"Нариман Құрбановты Олимпиада ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтаймын!

Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет біздің еліміз спорттық гимнастикадан Олимпиада тұғырына көтерілді. Жеңіске деген жігеріңіз және қайсар мінезіңіздің арқасында Сіз барша қазақстандық жанкүйердің жүрегіне жол тарттыңыз.

Жеке бапкеріңіз Хусанжан Курбановқа да өз құттықтауымды жолдаймын. Бұл жүлденің артында Сіздің де, бапкеріңіздің де еңбегі жатыр. Олимпиада ойындарында Сіз жеңіп алған алғашқы күміс медаль болашақта жарқын жеңістерге жетелейтініне сенемін!

Қазір оқып жатыр

Францияда қытайлық маркетплейстердегі тауарлардың 46%-ы қауіпті деп танылды: БАҚ Temu мен Shein-нен күдіктенеді

Қарағанды облысында 42,5 млрд теңгеге фармацевтикалық зауыт салынады

ШҚО-да 11 елді мекенге сел қаупі төніп тұрғаны хабарланды

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады