Таңғажайып құбылыс: Күн жүйесінде ғаламшарлар шеруі болады

Күн жүйесіндегі бірнеше ғаламшар Күннің бір жағында болатын бірегей құбылыс – ғаламшарлар шеруі 3 маусымда болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ашық дерек көздері

Алматы, NEGE. Мәскеу планетарийінің мамандары бұл ерекше құбылыс Күннің жүзінен көрінбейді деп отыр. Сатурн осы уақытта аспанда көзге көрінетін жалғыз ғаламшар болуы мүмкін.

Аталған күні барлық жеті ғаламшар солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығыс көкжиекке қарай Күннен 90 градус шамасында бір жаққа қарай тізіледі. Олар мына тәртіппен көрініс табады: Күн, Венера, Юпитер, Меркурий, Уран, Марс, Нептун және Сатурн. Сондай-ақ оған Марсқа жақын тұрған кемімелі Ай қосылады. Осы ғаламшарлардың ішінен тек Сатурн ғана маусым айының басында күн шыққан уақытта көкжиектен төмен қарай көрінеді. Қалған ғаламшарлар Күннің жарық сәулесінен байқалмайды.

Мұндай сирек құбылыс 20 жылда бір орын алады.

Астрономдар 2024 жылы ғаламшарлардың бірнеше кішігірім шеруі болады деп болжады.

Алдағы уақытта барлығы бес ғаламшарлар шеруі болады деп күтілуде:

· 3 маусым 2024 ж.,

· 28 тамыз 2024 ж.,

· 18 қаңтар 2025 ж.,

· 28 ақпан 2025 ж.,

· 29 тамыз 2025 ж.

2025 жылғы 28 ақпандағы құбылыс өте сирек кездесетін оқиға болады. Күн жүйесінің барлық жеті ғаламшары бір уақытта көрінеді. Бұл таңғажайып құбылысты бақылау үшін телескобыңызды қазірден дайындап қоюды ұмытпаңыз.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы Роналдудың әкесі дауыс берді

Алматы облысында 104 жастағы кейуана референдумда дауыс берді

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Саяси реинкарнация дейтіндей өліп, тірілген жоқпын – Ғабидолла Әбдірахымов