Қарағандыда пәтерден өрт шығып, ер адам қаза болды

Қарағандыда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты. От шарпыған пәтерден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazinform.

inform.kz

Алматы, NEGE. Бүгін сағат 17:48-де ТЖД кезекшісінің пультіне 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар бригадасы өрт орнына келіп, бес азаматты, оның ішінде екі баланы құтқарды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер тағы бес адамды эвакуациялады.

“Жергілікті жерде отты жоюға жеке құрамның 30 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:19-да жойылды. Өрттің шығуына алдын-ала болжамға сай электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Өрт орнында 1953 жылы туған ер адамның денесі табылды”, - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті