Ақтауда мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізген хакер үш жылға сотталды

Ақтауда мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізген хакер үш жылға сотталды, деп хабарлады ҰҚК.

ҰҚК

Алматы, NEGE. «Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді», – делінген хабарламада. 

Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Фигуранттың ақшалай сыйақыға ақпаратты үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді.