Алматы тауларынан ер адамның мәйіті табылды

Алматыда 23 ақпанда Медеу биік таулы сел бөгетінен ер адамның денесі табылды.

volontery_lider.kz_almobl

Алматы, NEGE. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, зорлық-зомбылық белгілері жоқ жас жігіттің мәйіті табылған.

«Аталған факті бойынша тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол биіктен құлаған», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше денесі табылған 19 жастағы жігіт Сержан Жәкежан.

«Лидер» еріктілер қозғалысының айтуынша, өлімнің себебін тергеу анықтамайынша жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті