Қызылордадағы ескі зауыт ғимараты бұзылады

Ол тұрғындарға қауіп төндіріп тұр. Қызылорда қаласында құр қаңқасы қалған целлюлоза-картон зауыты ескі ғимараты тез арада бұзылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Pixabay

Қызылорда, NEGE. Ескі зауыттың қаңқасы тұрғындарға қауіп төндіріп, қаланың сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп отыр. Халық арасында ЦКЗ аталып кеткен зауыттың жерін құрылыс нысанын салу мақсатында 2004 жылы жалға алу құқығымен жеке кәсіпкер иемденген.

Осы уақыт аралығында кәсіпкер жерді нысаналы мақсатында пайдаланбаған. Құрылыс алаңын қоршауға бағытталған қандай да бір шараларды қабылдамаған. Осыған байланысты кәсіп иесіне ескерту жасалды.

"Бұл мәселе қала әкімдігінің бақылауында болады. Алдағы күндері жер иесімен зауыт қаңқасын сүру бойынша жұмыстар жүргізіледі", - деп мәлім етті Қызылорда қалалық әкімдігінен.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған