Странджа кубогы: Тұрсынбай Құлахмет пен Тоқтарбек Таңатқан жұдырықтасады

Бүгін кіші әлем чемпионаты саналатын Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Странджа кубогының жартылай финалдық кезеңінде қос қазақ бір-бірімен жұдырықтасады, деп хабарлады Kazinform.

mp.weixin.qq.com

Алматы, NEGE. Атап айтсақ, 80 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда Қазақстан құрамасының өкілі Тұрсынбай Құлахмет қытай атынан сынға түсіп жүрген қандасымыз Тоқтарбек Таңатқанмен жолы түйісті.

Біздің отандасымыз Құлахмет – Азия чемпионатының (2019), Ислам ынтымақтастығы ойындарының (2017) және жастар арасындағы Азия чемпионатының (2013) жеңімпазы.

Ал қытайда туып, сол елдің атынан шаршы алаң көрігін қыздырып жүрген қандасымыз Таңатқан жазғы Азия ойындарының (2022) чемпионы, сонымен қатар әлем чемпионатының (2023) күміс жүлдегері.

Сондай-ақ, бүгін жартылай финалда 51 келіде Санжар Тәшкенбай өзбекстандық Асылбек Жалиловпен қолғап түйістірса, 67 келі салмақта отандасымыз Дулат Бекбауов алжирлік боксшы Абденасер Бенларибимен жекпе-жекке шығады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты