Павлодар облысында республикалық маңызы бар автожолда кезекшілік ұйымдастырылды

Жолдың осы учаскесі бойынша қозғалыс шектелмеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

pavlodarnews.kz

Павлодар, NEGE. Бұл туралы Май ауданының әкімі Ағыбай Әмірин Іnstagram парақшасында хабарлады.

«Ленинск-Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов» республикалық маңызы бар автожол учаскесінде (213 км) жол резерві бойынша еріген қар суын бұру бойынша іс-шаралар орындалды.

Еріген қар суының деңгейі төмендеді, жол бойын су басу, автомобиль жолы мен жер төсемінің жойылу қаупі жоқ, – деді аудан әкімі.

Учаскеде «Павлодар жолдары» ЖШС мамандарының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды, бес адам және екі техника жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, ұзындығы он метрге жуық екі жерде су өткізетін құбыр жоқ. Қазіргі уақытта еріген суды бұру жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті