Ақтөбе облысында дельтаплан апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жарық ауылының маңында өндірістік жұмыстарды орындау барысында "Самғау АГРО" ЖШС-ға тиесілі "Дельтаплан" ұшу-аппараты апатқа ұшырады. Дельтапланның ұшқышы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz

Ақтөбе, NEGE. ҚР Көлік министрлігінің хабарлауынша, кеше, 21 маусымда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылының маңында ұшуды орындау барысында "Самғау АГРО" ЖШС-ға тиесілі Ан-2 әуе кемесі жерге қатты екпінмен қонды. Бортта екі адамнан тұратын экипаж мүшелері болды.

Бұл оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды.

"Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберілді. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі қағидаларға сәйкес, бұл оқиға да авиациялық оқиға ретінде қаралады,"- дейді ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?