Қостанайда көбік кешіндегі бала өлімі бойынша үкім шықты

Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық соты Ұзынкөл ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» басшысының міндеттерін уақытша атқарушыға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Kazinform.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 2023 жылдың тамыз айында болған. «25 тамыз күні Ұзынкөл кентінде Жастар күніне орай көбік кеші өтті, онда 9 жасар қызды тоқ соқты.

Екі аптадан астам уақыт өткенде тоқ соққан кішкентай қыздың қайтыс болғаны хабарланды.

Сот процесі Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, абайсызда адам өліміне әкеп соққан тауарларды шығару немесе сату, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету) бойынша сараланған.

Іс материалдары бойынша, сотталушы әйелдің соның ішінде жас көрермендерге арналған шараны ұйымдастыра отырып, оның қауіпсіздігін тиісті түрде қамтамасыз етпегені белгілі болды.

Шара кезінде сахнада орналасқан көбік генераторы іске қосылды, бірақ сахнаның тоқөткізгіш бөлігі ашық қалып, кернеулі болған.

Сот айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 63-бабы бойынша шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды