Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге Мексикада өтіп жатқан ATP турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстан-эквадор жұбы жартылай финалда Гвидо Андреоцци (Аргентина)/Мигель Анхель Рейес-Варела (Мексика) жұбын екі сетте ұтты – 6:2, 6:3.

Бұл Недовесов үшін 2024 жылғы маусымдағы алғашқы финал.
Олардың финалдағы қарсыластары әлі анықталған жоқ.

Екінші жартылай финалда австралиялық Макс Пурсел/Джордан Томпсон жұбы мен америкалық-норвегиялық тандем Уильям Блумберг/Каспер Рууд кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған