Қазақстан Қырғызстандағы селден зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізді

«Biz Birgemiz Qazaqstan» қазақстандық қоғамдық қоры селден зардап шеккен қырғызстандықтарға қолдау көрсету үшін 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлайды Kazinform.

видеодан

Алматы, NEGE. Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 19 шілде күні таңертең жүк көліктері қазақ-қырғыз шекарасынан өтіп, Ош облысына бет алады. Гуманитарлық көмек құрамында азық-түлік өнімдері – ұн, қант және басқа да өнімдер, ең қажетті тауарлар, сондай-ақ гигиеналық заттар бар.

Естеріңізге сала кетейік, 14 шілдеде Ош қаласы мен Ош облысында жойқын сел болып, салдарынан 5 адам қаза тапты. Мады, Датка және Баш-Булак елді мекендерінде 642 тұрғын үй, төрт мектеп, балабақша, екі аурухана, мұражай және медициналық пункт су астында қалды. Ошта 146 тұрғын үй мен балабақша зардап шекті.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр