Қостанай облысында такси жүргізушісін пышақпен қорқытқан адам 3,5 жылға сотталды

Биылғы қаңтар айында Қостанай облысына такси жүргізушісіне шабуыл жасалған. Ер адам жүргізушіні тонамақ болған, ал жүргізуші полицияның патрульдік көлігін қағып кеткен, деп хабарлайды Kazinform.kz.

Фото: Янедкс Такси/Facebook

Қостанай, NEGE. Оқиға 7 қаңтарға қараған түні болған. Көліктің артында отырған мас адам жүргізушінің мойнына пышақ кезеп, 20 мың теңге көлемінде ақша талап еткен.

Бірақ такси жүргізушісі әдейі қатар келе жатқан полиция көлігіне соғылған. Нәтижесінде қаскөй ізін жасыруға тырысқанымен полиция қызметкерлері оны ұстап алды.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы оған мүлкі тәркіленбей, 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленуші мен оның өкілі сотталушының келтірілген залал мен моральдық шығынды толық өтеуін ескере отырып, сотталушыны қатаң жазаламауды сұрады.

Сотталушы кінәсін мойындап, шын жүректен өкініп, жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық зиянды өз еркімен өтеген.

Айыпталушы кінәсін мойындап, өкініп, жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық зиянды өз еркімен өтеген.

Нәтижесінде сот сотталушыны кінәлі деп танып, 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?