Үкіметте «Қазақтелеком» АҚ-ның мобильді операторларының бірін жаңа инвесторға беру мәселесі талқыланды

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Үкімет

Алматы, NEGE. Қатысушылар «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялау барысын талқылады. Атап айтқанда, мобильді операторлардың бірін бәсекеге қабілетті нарыққа шығару процесі қарастырылды. Қазіргі уақытта әлеуетті шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылды.

Жалпы бұл шара халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, телекоммуникация саласының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Премьер-Министр бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Отырыста сондай-ақ химия өнеркәсібіндегі және басқа да салалардағы бірқатар кәсіпорынның жұмысы талқыланды.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр