Жетісуда 4,6 балдық жер сілкінісі болды

Жетісуда магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Сейсмикалық стансалар желісі 13 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 22.08-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде Жетісу өңірінде Текелі қаласынан 20 шақырым жерде таулы аймақта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы MPV 4.6», - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің ошағы 15 шақырым тереңдікте, Текелі қаласында магнитудасы 3 баллға жеткен жерасты дүмпулері сезілді.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды