Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп кетті

Лондонда өтіп жатқан 'Үлкен дулыға' турнирлерінің бірі - 'Уимблдон' додасында қазақстандық Юлия Путинцева сенсациялық жеңіске жетті.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әлемнің 35-ракеткасы Юлия үшінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекті жеңіп кетті.

Кездесу үш сетке созылып, Путинцева 3:6, 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл - қазақстандық теннисшінің мансабындағы ең ірі жеңістердің бірі.

Юлия Путинцева 1/8 айналымда латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі.