Атырауда балабақша тәрбиешіcі баланың басынан ұрған

Әлеуметтік желіде тәрбиеші ерекше баланың басынан ұрған сәттің видеосы пайда болды.

видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Бейнежазбаны Нұрлан Жунасов есімді Facebook қолданушысы өз парақшасына жариялаған.

Видеода мекеме қызметкері бүлдіршінге екі алақанын көрсетіп, «10 бер» дейді. Алайда бала тек бір алақанын көтерген сәтте тәрбиеші «Қарасайшы, қарағым-ау!» деп оның басынан шапалақпен тартып жібереді.

Қалалық білім бөліміндегілер бұл оқиғаның «Дара-инклю» жекеменшік балабақшасында болғанын растады. Қазір аталған оқиға бойынша құзырлы органдар тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Қалалық білім бөлімінің жанынан да қызметтік тексеріс ашылатын болады. Анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға бөлім басшысының қатаң бақылауында. Тексеру қорытындысымен оқиғаға қатысты заң шеңберінде тәртіптік шара қарастырылады, - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр