Алматыда заңсыз жүрген Африка азаматтары анықталды

Алматыда Африка елдерінен келген 28 азамат анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Бұл өткен күні қаланың көші-қон қызметі жүргізген мақсатты іс-шара нәтижесінде тіркелген дерек. Олар қаланың әртүрлі нысандарынан табылды.

– Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 16 шетелдік азамат ПД-ның қабылдап-тарату орнына орналастырылды, Африка елдерінен келген тағы 8 азаматты Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару мәселесі шешіліп жатыр. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын басқа да бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?