Шардара су қоймасынан заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды

Күдіктілерден 3 қап балық, тіркелмеген 3 қайық және заңсыз электр құрылғылары тәркіленді, деп хабарлады Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен жүргізілген іс-шара барысында Шардара су қоймасынан электр тогын пайдалану арқылы заңсыз балық алу фактісі анықталды.

Шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, заттай дәлелдеме ретінде Нива автокөлігі, үш қап балық, тіркелмеген 3 қайық және заңсыз электр құрылғылары алынды.

Аталған жағдай ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігінің 2) тармағымен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы облыс прокуратурасының қатаң бақылауына алынды.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?