Сарыағаш ауданындағы мектептерде оқушылар тыйым салынған сайттарға кірген

Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы мектептерде оқушылар тыйым салынған сайттарға кірген. Бұл туралы аудандық прокуратура тексеріс кезінде анықтаған, - деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түркістан облысының прокуратурасы

Түркістан, NEGE. Прокуратура мәліметінше, мектептердегі компьютерлерде порнографиялық, букмекерлік ойындар және т.б сайттарға шектеу қойылмаған.

Аталған кемшіліктердің салдарынан информатика пәні бойынша сабақтар кезінде оқушылардың интернет арқылы тыйым салынған сайттарға кіргені анықталды.

Сарыағаш аудан прокуратурасымен енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде 77 мектептің компьютерлеріне тиісті бұғаттау қойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?