Герасименко Хорватиядағы турнирдің 1/8 финалына шықты

Хорватияның Вараждин қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Feeder халықаралық турнирінде отандасымыз Кирилл Герасименко 1/8 финалға жолдама алды деп хабарлайды Kazinform.kz.

olympic.kz

Астана, NEGE. ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, аталған турнирде жалпы есебі 232 спортшы бақ сынап жатыр. Олардың ішінде әлемдік рейтингіде ТОП-50 қатарына енетін 12 атлет бар.

Одан бөлек, аталған турнирде Қазақстан атынан Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Мірқадырова мен Анастасия Лаврова сынға түсіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?