Түркістан облысында өзеннен өтпек болған көлік аударылып қалды

Түркістан облысында көлікпен өзенді кесіп өтпек болған үш адам ажал құша жаздады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фото:pixabay

Түркістан, NEGE. Оқиға Түркістан облысындағы Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының аумағында болған. Үш адам Хантағы өзенінен өтпек болған кезде көлік аударылып кеткен.

"21 наурыз күні кешке көліктің өзенде тұрып қалғаны туралы хабар келіп, оқиға орнына төрт құтқарушы жеткенде, көлік аударылып үлгергенін, ал жүргізуші мен жолаушылар арғы жағаға шығып кеткен. Қызметкерлер зардап шеккендерге көмектесіп, көлікті судан шығара алды", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері.

Дер кезінде көмекке келген құтқарушылар қайғылы оқиғаның алдын алды. Зардап шеккендер Кентауға жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет емес болып шықты.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті