Астанада мектеп оқушылары сегізінші сынып оқушысын зорлады

29 қаңтар күні әлеуметтік желілерде Астанада мектеп оқушылары сегізінші сынып оқушысын зорлады деген ақпарат тарай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фото:ғаламтлрдаг

Алматы, NEGE. Астана полиция департаментінен хабарлағандай, полицейлер бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

"Қажет сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сай өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деді полиция.

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, бұл дерек 17 қаңтарда тіркелген.

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мен қыздың анасымен байланыстамын. Қызбен психолог жұмыс істеп жатыр", - деп түсіндірді Зәкиева.

Бұған дейін Атырау тұрғыны мүгедек баланы зорламақ болған оқиғадан кейін 17 жылын түрмеде өткізетіні хабарланған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?