Түркістан облысында тауға шыққан ер адамның жүрегі кенеттен тоқтап қалды

Оқиға Төлеби ауданында болды, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Таулы аймақта орналасқан Қасқасу ауылы аумағына демалысқа шыққан 51 жастағы ер адам қайтыс болды. Қасындағы замандастары жедел жәрдем шақырғанымен дәрігерлер жетемін дегенше науқастың жүрегі тоқтап қалған.

«Жедел жәрдем келгенге дейінгі биологиялық өлім болды. Өлім себебі белгісіз (кенеттен)»-делінген Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.