Екібастұзда екінші сынып оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Екібастұзда көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлаған 2-сынып оқушысы қазіргі уақытта жергілікті аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Жазатайым оқиға бүгін Екібастұзда болған. Жасөспірім ашық тұрған терезедегі шыбыннан қорғайтын торға сүйенбекші болғанда тормен бірге сыртқа құлап кеткен.

– Жазатайым оқиға туралы шақырту жедел жәрдемге сағат 13.48-де түсті. Ол көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлаған. 2017 жылғы туған қыз бала бірден Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.

Дәрігерлер оқушының жансақтау бөлімінде жатқанын, жағдайы ауыр екенін айтады.