Астанада шекарашыларға арналған мурал пайда болды

Астананың Сарыарқа ауданында Шекарашылар күніне орай Сәкен Сейфуллин көшесінде салтанатты түрде мурал ашылды.

Астана әкімдігі

Алматы, NEGE. «Муралдың биіктігі – 18 метр, онда шекара қызметінің белгілері көрініс тапқан. Оның композициясында ел шетіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шекарашылардың маңыздылығын білдіретін әуе және теңіз кемелері үйлесімді бейнеленген», – деді Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің ардагерлері мен басшылығы, сондай-ақ Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Жиында «Астана» шекаралық бақылау басқармасының бастығы полковник Мақсат Ахметқалиев құттықтау сөз сөйледі.

«Қазіргі шекарашылар заманауи қару-жарақпен, технологиямен қаруланған, бірақ олардың жұмысында ең бастысы – патриотизм мен батылдық. Біз бұл қиын мамандықты таңдап, осы жолда Отанымызға, оның мемлекеттік шекараларын қорғауда абыроймен қызмет етуіміз керек. Мереке құтты болсын, шекарашылар мен Шекара қызметінің ардагерлері!» - деді полковник Мақсат Ахметқалиев.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр