Синоптиктер еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашар болатынын ескертті

24 наурызда, жексенбіде синоптиктер Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлап, атмосферада зиянды қоспалар жиынтығы көп тіркелуі мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фото:Zakon.kz

Алматы, NEGE. Синоптиктердің мәліметінше, 24 наурызда Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Қарағандыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тіркелуі мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Мұндай ауа райы кезінде:

Көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;

Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;

Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар дәрі-дәрмегін өзімен бірге алып жүруі тиіс;

Таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;

Дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр