Атырау облысының сейсмологиялық картасы жасалады

Осыған байланысты Сейсмология институтына өтінім беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

canva.com

Атырау, NEGE. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, сейсмологиялық карта қауіпті нүктелерді анықтау үшін қажет.

Карта дайын болған соң сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дайындық жұмыстары жүргізіледі.

"Біздің өңір сейсмолгоиялық қауіпті аймаққа жатпайды. Соған қарамастан, облыс әкімінің тапсырмасына орай сейсмологиялық картаны, эвакуациялау пункттерін дайындау жұмыстарын қолға алуды жоспарлап отырмыз. Тұрғындарға мұндай пункттердің мекен-жайы хабарланады. Өйткені өңір тұрғындары хабарландыруларды дер кезінде алуы керек", – дейді Жасұлан Бисембиев.

Оның айтуына қарағанда, Атырау – елімізде мол мұнай өндірілетін ең ірі өңір. Жер астындағы табиғи байлықты көп алынатын өңірлерде белгілі бір деңгейде сейсмологиялық қауіп туындауы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

FlyArystan ұшағы Шымкентте итті қағып кетті

Депутат такси жүргізушілері мен курьерлерге сағаттық төлем енгізуді ұсынды

Павлодарда оқ жарақатын алған әскери қызметшінің қазіргі жағдайы мәлім болды

Екібастұзда мас күйдегі ер адамдар дәрігер мен медбикені соққыға жықты