Бір жыл ішінде іздеуде жүрген 55 адам Қазақстанға экстрадицияланды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметінше, мемлекетаралық іздеуде 823 адам бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

pexels

Астана, NEGE. Ал 1543 адам халықаралық іздеуде, деп хабарлады Бас прокуратура ҚазАқпарат тілшісінің сауалына берген жауабында.

2023 жылы Қазақстанға Болгариядан, Грузиядан, Қырғызстаннан, Ресейден, Сербиядан, Түркиядан, Украинадан және тағы басқа елдерден іздеуде жүрген 55 адам экстрадицияланды.

Сонымен бірге экстрадициялау туралы келісім жасалмаған Германия, Латвия, Камерун, Польша және Швециядан бірнеше адам экстрадицияланды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды