Атырауда әскери бөлімнен қару алып шыққан сарбаз қамауға алынды

Ұсталған сарбаз уақытша ұстау изоляторына қамалған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұсталған сарбаз уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы әскери бөлімнен қару алып шыққан мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады