ҰҚК Кәрім Мәсімовтің рақымшылық жасау туралы өтініш бергенін растады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2024 жылғы наурызда ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің рақымшылық жасау туралы өтініш бергенін растады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Комитеттегілер оған қатысты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын да алға тартты.

Қазіргі таңда Мәсімов Астанадағы ҰҚК-нің тергеу изоляторында.

Айта кетейік, былтыр 23 сәуірде ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған. Үкімді Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған.

Оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды