Air Astana мен FlyArystan компанияларына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

Ұшақтардың жиі кешігуіне байланысты Air Astana мен FlyArystan компанияларына жоспардан тыс тексеру жүргізілетін болды.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «Air Astana» АҚ мен «FlyArystan» АҚ-ның техникалық себептер бойынша рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымдарға байланысты ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды», — деп жазды комитеттен.

Сонымен қатар, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының бұйрығымен «Air Astana» АҚ мен «FlyArystan» АҚ-на жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Комиссия жұмысының және жоспардан тыс тексерудің нәтижелері қосымша хабарланады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады