Сот Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымын қашан қарайтыны белгілі болды

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «2024 жылғы 10 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс Астана қалалық сотына келіп түсті. Судьяның осы жылдың 11 маусымдағы қаулысымен аталған істі қарау 2024 жылғы 26 маусым сағат 10.00-ге белгіленді. Сот отырысы Астана қалалық сотының ғимаратында Астана қаласы, Әлиев көшесі, 6, В блогы мекенжайында өтеді», — деп атап өтті қалалық соттан.

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр