Құлсары қаласында жоғалып кеткен екі адам өлі күйінде табылды

Бүгін, 7 сәуірде таңғы сағат 11 шамасында Атырау облысы ТЖД күшімен су тасқыны кезінде Құлсары қаласында жоғалып кеткен екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ

Атырау, NEGE. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылы 6 сәуірде Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылғы ер адам досымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен аттанып, жолда аударылып қалған.

"Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды. ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады", – делінген құзырлы ведомство хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды