Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның денесі туған елге жөнелтіледі

А.Сайлыбаеваның денесі Қазақстанға жөнелтуге дайындалуда, деп хабарлады Kazinform.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Ол қазір Германияда жүргенін және Айгүл Сайлыбаеваны туған елінде жерлеу үшін денесін Алматыға жөнелту мәселесімен айналысып жатқанын айтты.

Еске сала кетсек, Германияда экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылған.

Бұған дейін 40 жастағы А.Сайлыбаева Астананың Сарыарқа ауданында судья болып қызмет атқарса, соңғы уақытта Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған.

4 маусым күні таңертең қызын балабақшаға апарған. Содан бері оны ешкім көрмеген. Кейін оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды.

Немістің BILD басылымының хабарлауынша, әйелдің мәйіті полиэтилен қапта болған, ол өлім алдында зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Тергеуге Гессен федералды штатынан 35 тергеуші қатысуда.

Қазір оқып жатыр

Алматы әкімдігі 800 млн теңгеге жер телімін заңсыз сатып алмақ болған

Өскеменде Жақсылық Омардың ісі бойынша сот отырысы басталады

Тоқаев Трамптан хат алды

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ